#Шу: "Зияткер имам" сайысы өз жеңімпазын анықтады

#Шу: "Зияткер имам" сайысы өз жеңімпазын анықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имам - халықтың рухани ұстазы, діни жетекшісі, ұлттың айнасы. Сондықтан да дін тұлғасына қойылатын талаптар да жоғары. Мұны ескерген имамдар Жамбыл облысы бойынша "Зияткер имам" сайысын өткізді. 

Шу ауданы, Балуан Шолақ ауылы "Қойайдар" мешітінде өткен білім додасын аталған мешіттің имамы Аян Смайл ұйымдастырды. "Зияткер имам" білім сайысына облыстың әр ауданынан дін мамандары келіп қатысты. Сын барысында имамдар тест, тәжуид, жан-жақты тақырыпта сұрақтарға жауап сынды 5 кезеңнен өтті. 

Іс-шараны Шу қаласы "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы ашып, жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Әділқазы алқасының құрамында Талғат Кәрібайұлы, Аян Смайл, жүргізуші әрі әділ қазы болған Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат мүшелік етті.

Қатысушы зияткер имамдардың жауаптары балл бойынша есептелді. Сыннан сүрінбей өтіп, білімімен ортаны жарып шыққан Меркі ауданы имамы Есбол Алпысбай 1 орынды иеленді.  2 орынды Талас ауданынан Ахат Қайыпбергенұлы жеңіп алса, 3 орынды Шу ауданы "Тоғай" мешітінің имамы Мағжан  Рзахан алды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, ал барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлығы табыс етілді. 

Имамдар грамотамен марапатталып, демеушілерге алғыс айтылды. Іс шарадан соң қонақтарға, ауыл тұрғындарына ас беріліп, насихат айтылып, құран оқылды. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: