#Жамбыл: Аудан имамы ауыл мешіттерін аралады

#Жамбыл: Аудан имамы ауыл мешіттерін аралады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ауыл мешіттеріне арнап арнайы іс-сапар ұйымдастырған болатын.

Аталған іс-сапарда ауданның бас имамы мешіттердің ішкі-сыртқы тазалығы мен қысқы дайындықтарын сонымен қатар, бейне бақылау камераларына арнайы тексеріс жүргізіп қайтқан еді.

Жалпақтөбе ауылдық «Тұрғани» мешіті,  Жасөркен ауылдық Тұрыс мешіті мен Гродекова ауылдық Нұр-ақ мешітін аралады. Алдында атап өткендей, қысқы дайындықты жіті тексерген аудан имамы, ауыл мешіттерінің қызметкерлеріне алғысын айтты.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: