Бүгін Алматыда Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің V мәжілісі өтті.
Алқалы жиында дінтанушы ғалымдар халал стандарттау жұмысын пысықтап, діни терминдер сөзін бір ретке келтіру, жаназа рәсімдерін бір ізге түсіру, «Әбу Ханифа» атындағы ғылыми зерттеу орталығының жұмысын жандандыру, пәтуалар ережесін бекіту сынды мәселелерді талқылады.
Басқосуда Ғұламалар Кеңесі мүшелерінің шешімімен діни сөздердің қазақша атаулары, атап айтқанда, Құранда кездесетін пайғамбарлар есімі қазақ тілінің заңдылықтарына сай айту туралы қарар қабылданды. Жаназа шығару рәсімдерін шариғат негізінде ретке келтіру мәселесі күн тәртібіне қойылып, жан-жақты сөз болды. Жуырда осы бағытта «Жаназа пәтуасы» кітабы жарық көрмек.
Кеңесте сөз алған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Әбу Ханифа» атындағы ғылыми орталықтың жұмысын ең әуелі төл мәзһабымыздың негізін қалаған Имам Ағзамның мұраларын қазақ тіліне аударудан бастау қажет. Біз осы арқылы мәзһабымыздың мәртебесін көтеретін боламыз », - деді.