#Меркі ауданы: Аттестация алды дайындық пысықталды

#Меркі ауданы: Аттестация алды дайындық пысықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен орталық «Меркі ата» мешітінде Меркі және Тұрар Рысқұлов аудандары бойынша барлық имамдар аттестация алды дайындықтарын пысықтады.

Аттестация алды емтиханға екі аудан мешіттерінде қызмет ететін барлығы 60-қа жуық имамдар қатысты.

Жиында Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек сөз сөйлеп бұл бастаманың тиімді жақтарын айтып, аттестация алды емтиханнан өтуші діни қызметкерлерге сәттілік тіледі.

Аталмыш аттестацияны Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек, Шу ауданы орталық «Жәми» мешітінің бас имамы Бақтияр Амиреев бағалады.

Аттестация алды емтихан екі бөлімнен тұрды: бірінші бөлімде имамдар тест арқылы бес бағыт бойынша (ақида, фиқһ, Ислам тарихы, ҚР заңы және Діни бірлестіктер туралы заңы) әзірленген сұрақтарға жауап берсе, ал екінші бөлімде ҚМДБ тарапынан қабылданған құжаттардан, яғни «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Дін мен дәстүр» және т.б. бағыттары бойынша сұрақтарға ауызша жауап беріп, Құранды жатқа оқу сынағынан өтті.

Аттестация алды емтихан нәтижесі бойынша аудан имамдары өздерінің дайындықпен келгендіктерін дәлелдеп, жоғары баға көрсетті.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: