Мұсылманның жұмыста сақтауы қажет 9 қағидасы

Мұсылманның жұмыста сақтауы қажет 9 қағидасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам - мұсылман үшін өмір салты болып табылады.

Қазіргі таңда мұсылман үшін халал жұмыс табу оңайға соға қойматын шаруа.  Мұсылман баласы үшін ислам – нақты бір уақытта, нақты бір орында құлшылық жасайтын дін ғана емес, сондай-ақ, оның өмірінің барлық аспектілеріне, соның ішінде, жұмысына да қатысы бар өмір салты болып табылады.

Жұмыс орнында білді маман әрі өз дініне берік мұсылман болып қалу үшін мұсылман өзін қалай ұстауы керек? Осы мәселеге қатысты келесі 9 қағиданы назарларыңызға ұсынамыз:

1. Дін жән этикалық тұрғыдан алып қарағанда, ақшаны халал жолмен табыңыз. Бұл дегеніміз, мұсылман тыйым салынған іс үшін ақша алып, сонымен айналыспауы қажет, сондай-ақ, исламда күнә болып саналатын істерден бойын аулақ салып, әділетсіз мәміле жасаспауы тиіс.

2. Жұмыста дін тұрғысынан шек қойып  алыңыз. Мүмкіндігінше басшылықпен намазды уақытында оқуға, жұма күні мешітке бару туралы алдын-ала ескертіп, келісіп алыңыз және де құлшылықты жұмыс үдерісімен қиысын келтіріп, екеуіне де зиян келтірмеу жағын қарастырыңыз.

3. Бәріне сыпайылық танытып, күлімсіреп жүріңіз. Өз әріптестеріңізге қатысты ақ ниетте болыңыз, қал-жағдайларын біліп, олармен сыпайы түрде сөйлесіп, күлімсіреп жүріңіз. Жұмыс орнында пәле іздеп, дау-жанжал жасаудан аулақ болыңыз.

4. Өсек айтпаңыз. Ғайбат, өсек – біздің дінімізде ауыр күнә болып саналады, соның ішінде, тіпті сөзімізге басқа біреулерді іліктіруге де тыйым салынған. Соған қарамастан үлкен ұжымдардағы адамдар жеңіл әңгімеге таяу жүретіні анық, алайда сіз мұндай әңгімелерге қосылмаңыз, өзгелер туралы өсек тасымаңыз, өсек айтлып жатқан орындардан кетіп қалыңыз, шынайы әрі ашық болыңыз.

5. Уақытты зая кетірмеңіз, еңбегіңізде табысты болып, өз ісіңізді ең көркем түрде орындауға тырысыңыз. Міне, осыған бізді асыл дініміз үйретеді.

6. Дінде неге тыйым салынған болып табылатыны туралы бос сөздер мен талқылауларға араласпаңыз немесе оларды елемеңіз.

7. Офистарда және үлкен ұжымдарда әйелдер мен еркектердің бірге жұмыс істеуіне тура келеді. Сол себепті өзіңізді лайықты түрде ұстап, артық әрекет жасамай, қарама-қарсы жыныс өкілдерімен сыпайы түрде қарым-қатынас жасаңыз. Бұл әйелдерге де, еркектерге де қатысты.

8. Күзетшілерге, техникалық персоналға және кезекшілерге сыпайылық танытыңыз, олармен күлімсіреп амандасып, үнемі ашық-жарқын түрде сөйлесіңіз.

9. Күніңіздің жақсы өтуі үшін күнделікті 2 ракағат дұха-намазын оқыңыз. Жұмысқа келе жатып, дұға жасап жүруді әдетке айналдырыңыз.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: