Қордай ауданы Қордай ауылы "Самал" мешітінде Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат уағыз жүргізді.
Өңірге арнайы іс-сапармен келген маман жамағатпен жүздесіп, жат ағымдардың алдын алу мақсатында ислам діні мен түрлі ағымдардың ара-жігін ажырата айтып, сипаттап берді.
Ағымдардың адасқан, шектен шыққан тұстарын тізіп, Құран аяттары мен хадистерден дәлелдер келтірді. Сонымен қатар көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.
Аудандық Қордай мешітінің баспасөз қызметі


04 Қараша 2025
13 Джумада-авваль 1447

