#Қордай: Имамдарға ҚМДБ құжаттары таныстырылды

#Қордай: Имамдарға ҚМДБ құжаттары таныстырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында орналасқан Имамдар үйінде ауыл имамдарының жиыны өтті. Ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы бастаған дін мамандарына ҚМДБ бекіткен кітаптар таныстырылды.

Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат ҚМДБ тарапынан қабылданған құжаттардың маңызын түсіндіріп, әр қайсысына жеке-жеке тоқталып, мазмұнын ашып өтті. Шара имамдарға таныстырылған құжаттар төмендегідей.

І Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар:
- Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы
- Имамның тұлғалық келбеті
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерінің этикасы
- Мұсылманның тұлғалық бейнесі

ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар:
- «Жеті рухани қазық» қазақстан мұсылмандары рухани тұғырнамасы
- Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі
- Діни лауазымдар тізілімі

«Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн форумында қабылданған құжаттар:
- Ас беру мәдениеті
- Зират және зиярат мәдениеті
- «Зияткер имам» тұжырымдамасы

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: