#Тараз: Әйелдер жамағаты құран қатымын жасады

#Тараз: Әйелдер жамағаты құран қатымын жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы "Кеңесхан қажы" мешітінде әйелдер жамағатына арналған рухани іс-шаралар легі өтті. Ең әуелі әйелдер жамағаты апта сайын түсіріп жүрген Құран хатымының кезекті дұғасы жасалды. Көпшілік бірлесіп Алладан тілеу тілеп, ел үшін дұға жасады. 

Игі жиын дастархан басында жалғасын тауып, нәзік жандылар ас үстінде Phd доктор, дінтанушы Зейнеп Жәдігерқызының уағызын тыңдады. 

Іс-шара орамал тағу үлгісін көрсету мастер-классымен жалғасын тауып, қыз-келіншектер түрлі орамалдарды алып, сәнді, әрі шариғат талаптарына сай тартудың түрлерін көрсетті. "Аселя" бренді өз орамалдарын қыздарға ұсынды. 

Сонымен қатар шарада кептірілген жемістердің жәрмеңесі жасалып, түрлі жеміс түрлері сатылымға ұсынылды. 

Үш-төрт шараны бір күнге сыйдырған ұйымдастырушы ұстаздарға жамағат алғысын айтты. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: