Қасиетті Мекке қаласында өтіп жатқан халықаралық Құран жарысына қатысушылар бұл шараға қатысуды өздерінің басты жетістігі деп санайды. Сингапурлық байқауға қатысушы Мұхаммед Шуайб Рашид халықаралық жарыстың Харам мешітінде және Қағбаның жанында өтетінін ескерсек, оған қатысу құрмет екенін атап өтті.
Малайзиялық сайыскер Шахр әл-Хонайфи Құранды жаттау, оқу және тәпсірлеуге арналған ең үлкен жарысқа қатысып, өмірінің ең жақсы сәттерін Харам мешітінің жанында өткізетінін айтты. Эфиопиялық Абдул Мохсен Жамал Құран оқу жарыстарын өткізу Құранға қызмет етудегі күш-жігердің көрінісі екенін айтты. Меккедегі «Харам» мешітінде Құран Кәрімді жаттау, оқу және тәпсірлеуден халықаралық жарыс 42-ші рет өтуде.
111 елден 153 үміткер қатысқан жарыс сенбі күні басталып, үш күнге созылады.
asyldin.kz