Пайғамбарға тіл тигізген өнер жұлдызы сотталды

Пайғамбарға тіл тигізген өнер жұлдызы сотталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пәкістан соты Боллливуд жұлдызы Вина Маликті пайғамбарға тіл тигізді деп айыптап, 26 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Оқиға былай болған: 14 мамыр күні Geo TV арнасының таңертеңгілік шоуында актриса Вина Малик пен оның жолдасы Мұхаммед пайғамбардың отбасы жайында ғайбат сөздер айтқан.

Кейін Geo Television осы үшін көпшіліктен кешірім сұраған болатын. Сонда да сот Geo медиатобының жетекшісі Шакил-ар-Рахманды, киножұлдыз Вина Малик пен оның күйеуін 26 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

Пәкістандағы антитеррорлық сот сонымен бірге сотталған үшеудің әрқайсысына 1,3 млн. рупий (12,6 мың доллар) көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді.

«Олардың бұл қылықтары - барлық мұсылмандарды қорлау. Сондықтан да қатал жазалануы тиіс», - деп есептейді соттағылар.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: