Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы!

Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қадірлі студентер мен шәкірттер, ұстаздар!

Еліміздегі барша мұғалімдер мен білім саласының қызметкерлерін 1 қыркүйек – білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасыға мықты денсаулық, бақыт пен бірлік, табыс пен береке тілеймін.

 Ислам діні ер мен әйелге білім алуды міндеттейді. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Білім алу мұсылман ер мен әйелге парыз», – деген. Тағы бір хадис-шарифте: «Ғылым-білім үйреніңдер. Алла үшін білім алу – Алладан қорқу. Ал іздену – Алланы пәктеу. Ал оны (қиындығына шыдап) зерттеп-зерделеу – Алла жолында күресу. Оны білмегенге жеткізу – садақа!» делінген.

Ел ертеңі, халық болашағы өскелең жас ұрпақтардың қолында екендігі мәлім. Сол үміт артып отырған жастарымыз алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді селге жықпас ізбасар екендіктерін дәлелдеген шақ, нағыз аяғынан нық тұрған ел екендігіміздің айқын көрінісі болар еді. «Жастық шақта алған білім – тасқа таңба басқандай» - демей ме дана халқымыз? Жас шағыңда алған білімің ешқашан ескірмек те, ұмытылмақ та емес. Сол үшін жастайымыздан білім алуға, жастарымызды білімге шақыруға, білгендерімізді арттағы іні-қарындастарымызға үйретуден ешқашан жалықпайық.

Жаңа оқу жылында ерекше зейінмен пайдалы білім алуларыңды тілеймін. Алла қайырлы білімді нәсіп қылсын!

Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: