Бүгін "Төле би" мешітінде жылдағы дәстүр бойынша "Мектепке жол" науқаны ұйымдастырылып, жағдайы төмен 30 отбасыға көмек көрсетілді.
Аталған мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлы ата-аналарды жинап, білімнің маңызы жайлы насихат айтып, балаларды жаңа оқу жылымен құттықтады.
30 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер үлестіріліп, аналары шынайы алғыстарын жеткізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



21 Маусым 2026
5 Мухаррам 1448

