Бүгін Тараз шаһарында орналасқан "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде талапкерлерді оқуға қабылдау үшін емтихан жүргізілді.
Болашақ студенттерден сынақты Емтихан комиссиясының төрағасы - ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы, емтихан комиссиясының мүшелері - ҚМДБ-ның Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы мен ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы қабылдады.
16 талапкер діни білім, Құран бойынша мамандармен жеке-жеке сұқбаттан өтті.
"Білім алу - әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз" - дейді пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын). Ал ілімдердің ішіндегі ең маңыздысы Алланы тану, діни білім екенін айта кетейік.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



07 Қараша 2025
16 Джумада-авваль 1447

