#Т.Рысқұлов: Жастар арасында шахматтан жарыс өтті

#Т.Рысқұлов: Жастар арасында шахматтан жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің құрылтайшысы Садықов Сәбит пен аудандық мешіттің бас имамы Сұлтаншәріп қажының ұйымдастыруымен шахматтан жарыс өтті.

Бұл турнир Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО еңбек сіңірген қайраткері Садықов Сұлтанды еске алу үшін ұйымдастырылған болатын. Сонымен қатар бұл турнир облыстық деңгейде өтті.

Жамбыл облысына қарасты бірнеше аудандардан жас шахматшылар келіп бақ сынасты. Шахмат турнирі таудың бөктерінде «SSS» демалыс орнында, керемет табиғат аясында өткізілді. Жарыс жеңімпаздары медальдармен және қаржылай мараппатталды.

Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: