Сарысуда имамдардың біліктілігін арттыру семинары жасалды

Сарысуда имамдардың біліктілігін арттыру семинары жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамның дұрыс әрі бақытты ғұмыр сүруінің заңдылығы - ислам болса, осы дінді насихаттап, білім беріп, өмірді дінмен ұштастыруды, Алла айтқан заңдылықтарды, пайғамбардың өсиетін халыққа жеткізушілер - имамдар. Сондықтан да артына қалың жамағатты ұйытып жүрген дін маманының жоғары сауатты болуы маңызды. 

Осы мақсатта облыстық Һибатулла Тарази мешіті мен Сарысу аудандық ішкі саясатының ұйымдастыруымен Сарысу ауданында имамдардың біліктілігін арттыру семинары өтті.

2 күнге созылған семинарда ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша орталық мешітінің наиб имамдары Нұралы Бақытұлы, Ержан Аманбаев, мешіт ұстазы, жат ағым мәселелеріне жауапты маман Жарбол Ақжігіт дәріс оқыды. 

Шариғатқа қатысты білімдерін ұштап, қазіргі қоғамдағы мәселелердің пәтуәсы, дін білімі тереңнен сөз болды. Семинар соңында қатысқан Сарысу имамдарына сертификаттар табысталды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

 "Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: