Шу ауданы Көктөбе ауылы "Рақыш ата" мешітінің имамы Ергазы Акпанов Жаңа жол ауылының кітапханасында діни кездесу өткізді.
Кітапхана қызметкерлері мен оқырманға "Жастарды діни ағымдардан сақтау" жайлы насихат айтып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.
Жат ағымның адастыратын тұстарын, ислам дінінің хақ дін екені және өзге адамға жамандықты қаламайтыны турасында мысалдар келтіріп, аят, хадистерді тілге тиек етті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі


02 Мамыр 2026
15 Зуль-каада 1447

