Қайырымдылық – көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты жәрдем. Қайырымдылық адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі және ізгіліктің анық көрінісі болып есептеледі.
Ата-бабамыз қай уақытта өмір сүрсе де өздерінің тұрмыс-тіршілігін ислам дінінің негіздерімен ұштастыра білген. «Кең болсаң кем болмайсың» деген қағиданы ұстанған дана халқымыз маңайындағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып көмек көрсетуді өсиет еткен. Біздердің жасаған қандайда бір жақсы істердің қайырсыз кетпейтіндігі жайында Қасиетті Құранда: «Алланың жолында не жұмсасаңдарда, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырыды» деп баяндалады.
Аз да болсын қолдан келгенше көмек көрсетуге дайын тұратын ауданның мешіттері кезекті игілігін атқарды. "Асайын кәлпе" мешітінің имамы Шаттық Қамаубаевтың ұйымдастыруымен 1 адамға қаржылай көмек табысталды. Қысылтаяң сәтте көмек қолын созған мешітте тұрғын дән риза.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі


16 Қаңтар 2026
27 Раджаб 1447

