#Меркі ауданы: «Рахымбай ата» мешітінің ғимараты жаңартылуда

#Меркі ауданы: «Рахымбай ата» мешітінің ғимараты жаңартылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Екпінді ауылында «Рахымбай ата» мешітінің ғимараты заман талабына сай жаңартылып, бой көтеруде.

Екпінді ауылының имамы Арыстанбекұлы Жеңісхан мешітке қатысты болашаққа жоспарларымен бөлісіп, мешіт ғимаратын үлкейтуді қолға алу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған болатын. Мешіт асханасын салып жатқан кәсіпкер бауырымыз демеушілік жасап мешіткеде қол ұшын созып, қазір мешіт жаңа заман талабына сай бой көтеруде.

Аллаға шүкір, қазір ел азаматтары ықыласпен мешіт, медресе, жол, көпір салып, халқымыздың алғысын алуда. Мешіттерімізде азан айтылып, жұртымызға жақсылықты насихаттауға мүмкіндік алып жатырмыз. Жастарымыз иман жолына түсіп, жаман әдеттен арылуда. Біз осындай игілікке Алланың жәрдемімен бірлігіміз бен ниетіміздің арқасында жетіп жатырмыз. Ендеше, осы бірлігіміз бен берекемізді одан сайын арттыруға әрбір азаматымыз үлес қосуы керек.

Алла үйінің ашылуына тез арада қауышу үшін Жаратқаннан нығмет тілеп, игі іске атсалысып, әрбір мұсылман баласын көмек қолын созуға шақырамыз.

Айта кетсек, жергілікті жомарт жандардың демеушілігімен салынып жатқан мешітте бір мезетте 150-200 адамдай құлшылығын өтей алады.

Осындай игі іске қол үшын сөзып жатқан жомарт жандарға ізгі ниетімізбен алғысымызды білдіреміз. Алла Тағала қызметтеріне абырой бедел берсін. Демеушілік жасап жатқан кәсіпкер бауырларымызға және асхана құрылысын жүргізіп жатқан бауырларымызға дұғадамыз.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: