Тараз қаласына қарасты «Әл-Әділ» мешітінің шәкірттері арасында хадистен жарыс өтті. Байқауға 7 жастан 60 жас аралығындағы шәкірттер қатысып бақ сынады.
«Әл-Әділ» мешітінің бас имамы Сыбанбаев Расылхан имам арнайы қатысып, шәкірттерге өзінің әділ бағасын берді. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Бұдан бөлек Құранға түскен шәкірттерге имам жамағат алдында салтанатты түрде Құран Кәрім кітабын сыйға тартты. Шәкірттер имамға алғыс білдірді. Имам өз кезегінде жамағатты дәрістерге белсенді қатысуға шақырды.
Айта кетейік, «Әл-Әділ» мешітінде тұрақты түрде жамағатқа арналып түрлі дәрістер ұйымдастырылып келе жатыр.
«Әл-Әділ» мешітінің баспасөз қызметі



01 Мамыр 2026
14 Зуль-каада 1447

