Тараз: «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешіті 11 жанұяға көмек көрсетті

Тараз: «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешіті 11 жанұяға көмек көрсетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Құрбан айты –қайырымдылық пен кеңпейілділіктің мейрамы. Бұл күндері Алланың разылығы үшін құрбан шалынып, қайырымдылық жасалып, қазан асылып, мерекелік дастархан жайылып, ел-жұрттың амандығы үшін дастархан басында дұға жасалады. Осы мереке күндері Тараз қаласында орналасқан «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің имамы Амангелді Ембергенов мешіт айналасы мен қала ішінде және «Шөлдала» ауылында тұратын жалпы саны 11 мұқтаж отбасыға көмек көрсетті.

   Мұқтаж жанұяларға мешіт имамы Амангелді Назарбайұлы арнайы барып, айт мерекелерімен құттықтап көмек ретінінде берілген қаржыны табыстап қайтты. Атап айтар болсақ, 11 кісіге 10 000 теңгеден үлестірілді. Бұл жолғы қайырымдылыққа жұмсалған қаражат 110 000 теңгені құрайды.

  Имам мұқтаж жандарға Алладан жеңілдік тілеп, дұға жасады. Мұқтаж жандар өз кезегінде имамға шексіз алғыстарын жеткізді.

Тараз қаласы «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: