Қазақстандық қажыларға уағыз-насихат жүргізіп, құлшылық амалдарын шариғат талабына сай орындауға септігін тигізу мақсатында ҚМДБ-ның уағызшылары жүйелі түрде жұмыс істеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уағызшылар тобы 7-11 шілде аралығында, яғни Мина жазығында 205 тақырып бойынша уағыз-насихат айтты.
Атап айтқанда, Ұлан Шарипов «Арафатқа дайындық», «Истиғфарды көбейту», Олжас Бейсенәли «Мина жазығындағы құлшылық», «Тас атудағы қателіктер», Нұралы Бақытұлы «Саңлақ сахабалар», «Дұға – мұсылманның қорғаны», Асқар Мұқанов «Мұздалифадағы құлшылық», «Ихрамнан шығу», Бауыржан Әбдуәли «Минада тұрудың маңызы», «Алланы зікір ету», Юнес Асга «Бәдір шайқасы», «Тәлбия айтудың маңызы», Нұрлыбек Шакизадаұлы «Мина, Арафат жазығының тарихы», «Жүрек дерттері», Ернар Мажен «Ең жақсы мұсылман», «Кеңпейілдік», Ералы Есенгелдиев «Тауаф ифада», «Шайтанға тас атудың тарихы» т.б тақырыптарда басқа да имам-ұстаздар уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.
Мина жазығында Қазақстан қажылық миссиясының мүшелері Батыржан Мансұров, Ардақ Оразбаев, Медет Құрсақов та уағыз-насихат айтып қажылардың рухани әлемін байытуға әсер етті.