Сәрсенбіге қараған түні жарты айды бақылаған Сауд Арабиясы бес күндік Құрбан айтты тойлау 9 шілдеде басталатынын хабарлады. Бұл зул-хижж айының 10-шы күні болады.
Қажылық айы – Зүл Хижа биыл 30 маусымда басталады. Қажылық зул-хижж айының 7-ші жұлдызында (6 шілде) басталып, айдың 11-інде (10 шілде) аяқталады. Арафат күні зул-хижж айының 9-шы күніне (8 шілде) келеді.
Арафаттағы қажылық шатырлары, Мина мен Муздалифадағы тұрғын үйлер тексеріліп, Құдіреті шексіз Жаратқан Иенің қонақтарын қабылдауға толықтай дайын, дейді билік өкілдері.
asyldin.kz


13 Наурыз 2026
24 Рамадан 1447

