Сингапурдегі кальян тартушы тұрғындар санының артуына байланысты, елдегі билік басындағылар кальян үшін өндірілетін табак импортына шектеу қойды.
«Еліміздегі тұрғындардың, соның ішінде жастар буыны кальян шегу арқылы өз денсаулықтарына үлкен зиян шектіріп отыр. Осы себепті, елімізге кальян табагын әкелу, тарату және сатуға тиым салынып отыр», - деп мәлімдеді Файшал Ибрагим, Сингапур Денсаулық сақтау министрлігінің хатшысы.
Сингапурдегі мұсылмандар саны тұрғындардың 15% құрайды. Ал, мұсылмандар тұратын Kampong Glam кварталында кальян тартатын адамдар саны басым екен. Бул кварталда кальян тартуға арналған ондаған ғимараттар бар, ол жерлерде осы қызмет түрі небәрі 15 $-дан басталады.