Қырғызстан муфтияты осы жылдың соңына дейін мемлекет көлеміндегі барлық мешіттерді есепке алуды бастады, - деп жазады «Интерфакс-религия».
«Қырғыстан мұсылмандары діни басқармасының барлық облыстық өкілдеріне үстіміздегі жылдың 15 желтоқсанына дейін өз облыстарына қарасты барлық мешіттерді тіркеу ісі тапсырылды», - деп хабарлайды, елдегі Діни басқарманың баспасөз қызметі.
ҚМДБ-ның Шаруашылық және құрылыс бөлімінің басшысы Таалайбек Назылбеков республика көлеміндегі барлық мешіттердің нақты санын анықтау мақсатында іс-сапармен жолға шықты.
Билік өкілдерінің хабарлауынша, мемлекеттегі барлық мешіттердің 20% тіркеуден өтпеген екен.