Хиджаб өнімдерін шығару әлемдік нарық бойынша дүркіреп тұрған кәсіп екені жасырын емес. Әсіресе, Малайзияда мұсылман дизайнерлердің саны басым. Мұнымен қоса, жер бетіндегі барлық мұсылман қыз-келіншектер хиджабты интернет-сауда жүйесі арқылы сатып ала алады.
Малайзиялық 29 жасар дизайнер Рабиа Ван Зулкифли шариғи киімдер тігіп, сату бойынша бәсекелестіктің артқанын растап, бұл қуантарлық жаңдай екенін айтады.
«Соңғы кездері онлайн-сатушылардың санының күрт өскені мені мазаламайды, қайта мұсылмандардың саны күн санап артып келе жатқанына шүкіршілік етемін. Қазіргі таңда әрбір қыз-келіншек өзінің талғамына сай киінуге мол мүмкіндік бар. Сонымен қатар, сатушылар ғаламтор сайттарына шариғи киімдерді үйлестіріп киюдің түрлі әдістері мен тәсілдерін жүктеп қойған» - дейді дизайнер.