Көкшетау қаласындағы бір ғасырлық тарихы бар Жақия қажы мешіті жанынан діни оқу орталығының іргетасы қаланды.
Іс-шараға өңірдің ақсақалдары мен дін қызметкерлері қатысты. Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы өз сөзінде асыл дініміздің арқауы білім екенін айта кете, жас ұрпақ санасына иман сәулесін шашып, ізгілікке тәрбиелеу аса ғибраты мол іс екеніне тоқталды.
Сондай-ақ Жақия қажы мешітінде ұзақ жыл бас есепші болып қызмет еткен, бүгінде тоқсан жастың тұғырына көтерілген абзал ақсақал Қайролла Жүнісов бата беріп, ақ тілегін арнады. Осылайша демеушілердің қолдауының арқасында Көкшетауда тағы бір оқу орталығы салынады.