ТАРАЗДА ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

ТАРАЗДА ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында «Тараздан шыққан діни тұлғалар. Профессор Насрулла Таразидің туғанына 100 жыл» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтеді.

Насрулла ат-Тарази – парсы тілі және әдебиеті бойынша ғылым докторы, профессор, ескі қолжазбарды оқу және талдау бойынша білікті маман, шығыстанушы ғалым.

Тараздан шыққан дін тұлғаларын көпшілікке таныту, еңбектерін оқырманға таныстыру мақсатында өткізілетін жиынға тарихшылар, зерттеушілер қатысып, Насрулла ат-Тарази еңбектері мен ғұмыры жайлы сыр шертеді.

Іс-шараға Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің және еліміздің профессор, докторлары баяндама жасайды. Конференция 24 мамырда Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің мәжіліс залында өтеді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: