Тараз қаласына қарасты «Құлбай баба» мешітінің имамы Ембергенов Амангелді Рамазан айының алғашқы күнінен бастап, қасиетті Қадір түніне дейін тарауих намазында имамдыққа шығып, Құран Кәрімді хатым еткен екі жас қариға «Қадір түнінің сыйы» деп аталатын ерекше сыйлығын өз атынан табыстады.
Атап айтқанда, Ислам қари мен Умайр қариларға қоржын тарту етілді. Бұдан бөлек қарилардың әрбіріне 180 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табыстап, қызметтеріне алғыс айтты. Қарилар хатымның дұғасын жасап, тәһһәджуд намазына да имамдыққа шығып дұға етті. Қадір түнін жамағатпен бірге өткізген қарилар имамға да алғыс білдірді. Қариларға бауыр басып қалған жамағат қариларды қимастықпен үйлеріне шығарып салды.
Тараз қаласы «Құлбай баба» мешітінің баспасөз қызметі