НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ «АЙЮБ СҰЛТАН» КЕШЕНІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ «АЙЮБ СҰЛТАН» КЕШЕНІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Стамбұл қаласында өткен халықаралық конференциядан соң Түркітілдес елдер мүфтилерімен бірге «Айюб сұлтан» кешенін зиярат етті.

ҚМДБ Төрағасы Ислам тарихында айрықша орны бар саңлақ сахаба Әбу Айюб әл-Ансаридің рухына құран бағыштап, дұға қалды.

Сұлтан Айюб Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көршісі болған. Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Константинополь (қазіргі Стамбұл) бір күні азат етіледі. Оны алған әскербасы қандай жақсы әскербасы, оны алған әскер қандай жақсы әскер!» деген сөзіне амал етіп, сол әскердің құрамында болуды үміт еткен. Жасы 80-ге таяған уақытында Константинопольді бетке алған әскер құрамында болып, дүние салып, осы қаланың түбінде жерленген.

Кейін Сұлтан Айюб жерленген жерге мешіт тұрғызылып, мұсылмандардың қасиетті орнына айналды.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: