#Жамбыл: Рамазан айын қалай пайдалы етіп өткізуге болады?

#Жамбыл: Рамазан айын қалай пайдалы етіп өткізуге болады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылы «Айша-бибі» мешітінде тарауих намазына келген жамағатқа мешіт имамы  Қатарбай Таджибаев Рамазан айын қалай өткізу керектігі жөнінде кеңінен насихат айтты. Кейбір мұсылмандар Рамазанды қандай да бір ерекшеліксіз, бірқалпы өткізіп жатады.

Олардың күн тәртібінде, намаздарында әдеттегі күндерден еш айырмашылық болмайды. Жалғыз ғана айырмашылық – таңертең ауыз бекіту, кешке ауыз ашу. Ақыр соңында олар Рамазанның толық берекетін сезінбейді және рухани кемелденуден мақұрым қалады.

Ал Рамазан айы – нағыз руханиятты шыңдайтын және нәпсіні тәрбиелейтін ай. Бұл айда әдеттегі қалыптан шығып, өзіңізді рухани «бәйгеге» толық арнауыңыз керек. Тән артық тамақтанудан демалса, рух керісінше артық «тамақтануды» қалайды. Оның «тағамы» – ғибадаттар. 

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: