Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті «Рамазан базарлығы» атты іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараға ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Маңғыстау облысындағы жетекшісі Нағима Мырзақұлқызының ұйытқы болды. Іс-шара барысында әйел жамағаты «Ақтау» және «Ak kala Mall» сауда орталықтарына барып, сол жерде қыдырып жүрген балаларға арнайы сыйлық салынған қораптарды үлестірді. Шара аясында 200 дана сыйлық табыс етілді.