Хошимин Департаменті директорының оынбасары Ла Куок Ханьнің айтуы бойынша, мұсылман елдердің ішінде, әсіресе, Индонезия мен Малайзия халықтарының Вьетнам жеріне саяхаттауы соңғы жылдары күрт өскен. Ол мемлекеттердің ішінде Үндістан мен Таяу Шығыс халықтары да бар екен.
Индонезиялық және Малайзиялық туристік фирмалар Вьетнамның мұсылман туристерді өзіне қызықтыруын олардың турлар мен тауарларға туристердің қалтасы көтеретін арзан баға ұсынумен байланыстырып отыр.
Таяу Шығыс елдерінде, соның ішінде Emirates, Etihad, Qatar Airways и Turkish Airlines, азиялық елге саяхаттаушы мұсылман туристердің санын арттыру мақсатында Вьетнамға арнайы тікелей маршруттар ашыпты
Ал Вьетнам, мұсылман туристердің көңілінен шығу үшін бар ықыластарын салатынын айтып отыр.