БАС МҮФТИ ЖЕТІСУ ЖЕРІНДЕ МЕШІТ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАДЫ (ФОТО)

БАС МҮФТИ ЖЕТІСУ ЖЕРІНДЕ МЕШІТ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы облысына жасаған іс-сапарында Талдықорған қаласының Шығыс шағын ауданында салынатын 1000 адамға арналған мешіттің іргетасын қалады.

Игі іс-шарада алдымен Құран оқылып, мешіт құрылысының ойдағыдай аяқталуы үшін дұға жасалды.

Бас мүфти өз сөзінде: «Бүгін баршамыз сауапты істің куәгері болып отырмыз. Жаратушы Иеміз Құранда: «Алла Тағаланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман еткен, намаз оқыған, зекетін берген және Алладан басқа ешкімнен қорықпайтындар ғана салады» дейді («Тәуба» сүресі, 18-аят). Мешіттің атқаратын қызметі, қоғамдағы орны өте үлкен. Мешіт – руханият ордасы, оқу-білімнің орталығы. Себебі мешіттеріміз тек құлшылық жасайтын орын ғана емес, діни сауат ашатын, сәбилерге азан шақырып ат қоятын, жаңадан отау құрған жас жұбайлардың ақ некесін қиятын, дүниеден өткен аяулы жандарға Құран оқытып, дұға бағыштайтын, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасалатын, қиналған адамдарға рухани қолдау көрсететін мейірім мекені. Осы мешіт құрылысына атсалысып жатқан барша азаматтарға Алла разы болсын! Халқымыздың бірлігі нығайып, берекесі арта бергей!» дей келе Наурызбай қажы Тағанұлы мешіттің іргетасын қалады. Ақсақалдар атынан Арыстанбек Бибатырұлы сөз сөйлеп, Бас мүфти бастаған ҚМДБ делегациясына бата берді.

Айта кетейік, Талдықорған қаласының Шығыс шағын ауданынан бой көтеретін мешіт құрылысы 2024 жылдың сәуірінде толықтай аяқталады деп күтілуде.

 

 

 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: