Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Дұға – мүміннің қаруы, діннің тірегі, көк пен жердің нұры». Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «(Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді» [2:186]. Негізі, дұға қабыл болатын кездер бар, мүміндерге осы уақыттарды жібермеуге тырысу керек. Төменде дұға барынша қабыл болатын кездерді келтіріп өтеміз:
1. Түннің үштен бірінде;
2. Ораза кезінде;
3. Екінті мен ақшам намаздарының арасында;
4. Ауыз ашардың алдында;
5. Жұма күні;
6. Азан мен қаматтың арасында;
7. Құран оқыған соң;
8. Қадір түнінде;
9. Жаңбыр жауып тұрғанда;
10. Сондай-ақ, дұға парыз намаздардан соң және ислам дініндегі аса маңызды күндерде қабыл болады. Бұл күндер: Ережеп айының 1-ші күні, Шағбан айының 15-ші жұлдызы, Ораза айттың 1-ші күні және Арафа күні
asyldin.kz