Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесінің шешімімен «Құрметті профессор» атағы берілді.
Бас мүфтиге «Құрметті профессор» куәлігін университет ректоры Марат Қадырұлы табыстады. Марапаттау рәсіміне университет ұстаздары, студенттер және Діни басқарманың жұмыс сапармен келген делегациясы қатысты.
ҚМДБ Төрағасы өз кезегінде университет ұжымына ризашылығын білдіріп, күтпеген құрмет көрсеткені үшін оқу ордасының ректоры Марат Қадырұлына, Ғылыми кеңеске алғысын жеткізді.
Айта кетейік, дәл осы білім ордасында Бас мүфти студенттермен арнайы кездесіп, дәріс оқыған болатын.