Бірде сахабалардың бірі дін жолында жиһадқа шыққысы келетінін, бірақ қолының қысқа екенін айтып өкініш білдіреді. Сонда Алла Елшісі (ﷺ): «Үйдегі әке-шешең тірі ме еді?» – деп сұрайды. Ол: «Иә, шешем тірі», – дейді.
Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Ендеше, үйдегі шешеңді жақсылап күт. Анаңның көңілін тауып, ризашылығын алсаң, қажылық пен умра жасағандай сауапқа кенелесің. Дін жолында күрескен мүжаһидтің сауабынан да құр қалмайсың», – деп оны үйіне қайтарған екен.
Шал ақынның: "Мекке менен Мәдина жолдың ұшы, Алыс сапар дейді ғой барған кісі. Атаң менен анаңды құрметтесең, Мекке болып табылар үйдің іші", – деуі осыдан шықса керек...