Құрметті жамағат!
Қасиетті үш айдың басталуымен, Алланың айы ережеп айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ай сауапты амалдар мен жақсылықтарға, мейірімге толы болсын!
Алла елшісі (с.а.с): "Ережеп – Алла Тағаланың күнәларды кешіретін айы. Алла Тағала құзырында сүйікті ай. Бұл айда ұрыс-жанжал, қантөгіс тоқтатылған. Бұл айда Алла тағала әнбиялардың, яғни пайғамбарлардың тәубелерін қабыл етіп, әулиелерді дұшпандары-нан қорғаған. Бір кісі ережеп айын ораза ұстап өткізсе, Алла тағаланың үш жақсылығына ие болады" - деген.
Ережеп айы – дәнді егу айы. Шағбан айы – егінді суғару айы, ал Рамазан айы – егінді ору, қырман айы. Егілген егіннің жеміс бергені секілді, әрбір жақсы істің нәтижесі де болады. Сол себепті, бұл айда ораза тұтып, көбірек намаз оқып, рухани амал жасау керек.
Алла тағала отбасыларыңызға береке, елімізге татулық, амандық берсін! Мемлекетімізге тыныштық, әрбір жанның жүрегіне иман нұрын сепсін!
Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы