Адал мысықтың жүрек тебірентерлік оқиғасы әлеуметтік желі қолданушыларын елең еткізді. Хатиконың өзімен адалдықта бәсекеге түсе алатын мысық екі айдан астам уақыт бойы қожайынының бейітінің жанынан кетпеді. Сібір ислам қоғамының бұрынғы бас мүфтиі Маумер Зукорличке тиесілі жануар жаңбыр мен қарға қарамастан өз орнында отыр.
Муфти Зукорлич 2021 жылы 6 қарашада жүрек талмасынан қайтыс болды. Ол Сербиядағы және басқа да Балқан елдеріндегі мұсылман қауымының танымал тұлғасы. Туыстарының әңгімелеріне сәйкес, Маумер жануарларды жақсы көретін, сондай үй жануарларының бірі осылайша оған махаббатын қайтарып жатқан-ды.
Көптеген адамдар мысықты үйіне апаруға тырысты, бірақ жануар әр уақытта қашып, иесінің бейітіне оралады.
asyldin.kz