Мұсылман еместерге арналған мешіт жайы талқыланады

Мұсылман еместерге арналған мешіт жайы талқыланады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясының Ислам және уақыптар министрлігі Эр-Рияд қаласында ұлттық құндылықтарды дамытудағы мешіттердің маңызы мен рөлін талқылауға арналған шара ұйымдастырады.

Эр-Рияд губернаторы қолдауымен 16-18-қыркүйек аралығында өтетін бұл шараға ел басшысы Абдулла ибн Абдул-Азиз Әл-Сауд қатысады деп жоспарлануда. Аталмыш форум ұлттық құндылықтарды нығайту бағытындағы үкіметтік кампания жұмысының бір бөлігі болып табылады. Конференцияға көптеген саудиялық ғұламалармен қатар, елдің бас мүфтиі Салех бен Абдель Азиз әл-Шейх те қатысады.

Шараға қатысушылар арасында мұсылман емес жастардың интелектуалды санасын дамыту мақсатында мешіттердегі ақпараттық-уағыздаушы бағдарламалар жайы да талқыланады.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: