Күйеуінің әрекеті мұсылман әйелді қуаныштан жылатты

Күйеуінің әрекеті мұсылман әйелді қуаныштан жылатты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шахрул Амри Ибрахим есімді мұсылман жас әйелінің арманын қалай орындағанын айтып, махаббаттың шынайы мәнін көрсетті.

25 жастағы малайзиялық әйеліне ескі ноутбук сатып алу үшін үш жұмыста жұмыс істеуге мәжбүр болды. Ол әйелінің жағдайын жеңілдетуді алдына мақсат етіп қойғанын айтты. Әйелі мұғалім болып жұмыс істейтіндіктен, емтихан материалдары мен сұрақтарын дайындау кезінде, сондай-ақ студенттерге онлайн сабақтарын өткізу кезінде ноутбук қатта қажет болатын.

«Ол маған ешқашан шағымданбаған және сатып алуымды өтінбеген. Бірақ оның жұмыс жасау үшін мектепте ноутбукты қайта-қайта сұрап, я жалға алып жүргенін қаншалықты ыңғайсыз екенін көргенде өкіндім», - деді мұсылман.

Шахрул үш табыс көзінен ақша жинап жүріп, ноутбук алуға кіріскенін айтты. Ер адам медициналық құрал-жабдықтарды жөндеп, азық-түлік жеткізуші курьер болып жұмыс істеп, онлайн бизнесін дамытып келеді. «Өкінішке орай, отбасымыздың қаржылық жағдайының қиындығынан мен әйеліме жаңа қымбат компьютер сатып алуға шамам келмейді, сондықтан ескісін яғни қолданылғанын ғана сатып ала алдым», - дейді ер адам.

Шахрул тосынсый болсын деп, ноутбугын әйелінің жастығының астына қойып қояды. Жастығынан сыйлық тапқан мұсылман әйел толқыған эмоциясымен көз жасын тыя алмады.

Мұсылманның әрекеті және оның әйелінің шынайы реакциясы мен алғысы бізге дүниедегі барлық нәрсе материалдық құндылықтармен өлшенбейтінін тағы бір рет дәлелдейді. Ал техникалық қызмет көрсететін, қымбат емес, адал жолмен тапқан ноутбук жақын адамыңыз үшін ең соңғы MacBook-қа қарағанда қымбатырақ болуы мүмкін.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: