Егер сізге дәрігер «Сіз ертең өлесіз» десе... Сіз ертең өлесіз әрі оған дәрігерлер сенімді. Қане, мұның шындық екенін елестетіп көрейікші. Дәрігерлер сіздің ертең өлетініңізге 100 пайызға сенімді. Ал сіз қандай күйде болар едіңіз? Ойыңызға не келеді? Не істейсіз? Не жасайсыз? Не туралы ойлайсыз? Барлық қаза қылған намаздарыңыз туралы ойланар ма едіңіз? Әлі күнге төленбеген зекеттеріңіз ойыңызға келер ме еді? Табысыңызды халал не харам жолмен жиғаныңызды алар ма едіңіз есіңізге? Жаман сөз айтып ренжіткен адамдардан кешірім сұрау керектігін ойланар ма едіңіз? Сізден жәбір көргендерді ше? Біреудің ақысын жегеніңізді? Ата-анаңыз жайында ойланар ма едіңіз? Оларға, жұбайыңызға және балаларыңызға қатысты қаншама қателіктер жібергеніңізді? Жанұяңызбен, туған-туыстарыңызбен қарым-қатынасыңды?..
Сөзсіз, өзіңіздің әрбір жіберген олқылықтарыңызды ойлайсыз. Тіпті жеген асыңызға дейін. Қаншама мен білген адамдар, жас адамдар, субханаЛла, мен білген, бірақ қазір арамызда жоқ адамдар өлімінің себебі – тыйым салынған азық болып еді. Өмір мақсат-мұраттарға толы. Егер сіз олардан мақсат туралы сұрасаңыз, ертең олардың өлетіні анық болғанмен де олар сізге: «Ертең өліуме мүмкіндік бере алмаймын! Алламен кездесуге мен әлі дайын емеспін», - деп жауап берер еді. Ондай адамға қандай ой келмейді дейсіз? Олардың бар өмірі өзгереді, олар келесі өмір туралы ойлана байстайды, ертең өледі де Алла Тағаламен жүздеседі. Өзінің амалдарын, әрекеттерін қалай түзетуді ойлайды. Бір сәтте, ол үшін маңызды болған - бұл пендешілік өмірде уайым тудырған нәрселер, мысалы үшін, оларды ренжіткендер, тіл тигізгендер, көңілін қалдырғандар – аяқ-астынан бәрі де барлық мәнінен айырылып қалады. Мағынасын жоғалтады.
Бұл кімді толғандырады? Қазір өзімнің әрекеттеріммен оңаша қаламын, өзіммен өзім, өзім үшін жауап беруге. Мен кімді ренжіттім? Кім туралы артық айттым? Кімге тіліммен де аяқ-қолыммен де тиістім? Кімнің құқығын алып қойдым? Кімнің құқығын бермедім? Ал өзімнің құқығым қайда? Өзім туралы ойлана бастаймын, Алла Тағаламен ант етемін! Бұл бізге қажет, келешек өмірге деген нағыз сенім. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Өлімалды сәт келеді – ол ақиқат, күмәнсіз... ». Неге Алла Тағала бұлай айтады? Жаратушы өлімнің сөзссіз әрбір пендемен болатын жайт екенін әрі дәлел қажет етпейтіндігін айтады, өйткені басқа аятта Алла Тағала өлімді «йакын» деп атайды. «Йакын» - шүбәсі жоқ нәрсе дегенді білдіреді. Бұл жарық дүниеде ешкім де оны теріске шығара алмайды, «йақын» - ол, күмәнсіз жайт. Атеист те, мұсылман да, христианин де, иудей де, басқа да мойындайды, ажал – ол ажал және ол әркімге де келеді. «Әр әлеуметтің белгілі бір мерзімі бар. Олар, сол мерзімі келген сәтте, бір дем кешікпейді де ілгерлемейді» (7:34) делінген Құран Кәрімде.
Адам баласы кез-келген уақытта ажалдың келерін біледі. Бірақ Алла Тағала не боларын біздің есімізге салып отырады. Алла Тағала өткен өміріңізді айтып, сізді мазаламайды. Жаратушы сізге қазір өлім туралы ойлануды ұсынады. Тап қазір. Бұл қазірдің мән-мағынасы зор жайт. Сіз қалаған нәрсеңіздің бәрін де жасай аласыз. Дегенмен де, ақыр аяғында, бәріміз - сіз де, мен де, міндетті түрде бір-ақ
нәтижеге келеміз. Қандай нәтиже? Ол - өлім. Ешкім де одан қашып құтыла алмайды. Бастауын бір жерден алып, соңын бір жерден аяқтайтын өзен іспеттес бәріміз де ерте ме, кеш пе өлімнің дәмін татармыз... Тек сол өлімге дайын болуды осы сәттен бастағанымыз дұрыс болар, ин ша Алла.
asyldin.kz