Зияткерлік технология, соның ішінде сенсорлық экранды роботтар Меккедегі «Харам» мешітіне келушілерге қызмет көрсету үшін пайдаланылады, деп хабарлайды Saudi Press Agency.
Төрт доңғалақты робот адамдарға салт-жораларын орындауға көмектеседі, нұсқаулар береді және сұрақтарға жауап береді.
Робот лезде аударманы, шейхтермен қашықтан байланысуды жүзеге асырады.
Қашықтан басқарылатын жасанды интеллект 11 тілді, соның ішінде араб, ағылшын, француз, орыс, парсы, түрік, қытай, бенгал және хауса тілдерін қолдайды.
Онда келушілердің мәселелерін шешу үшін пайдалануға болатын 21 дюймдік сенсорлық экран бар.
asyldin.kz