Сүннеттегі истихара: Адасу. 2 бөлім

Сүннеттегі истихара: Адасу. 2 бөлім

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өкінішке орай, біздің кезімізде истихараны орындау шешім қабылдау сияқты қиындап кетті. Құлшылықтың бұл ұлы түрін орындауға адамдар соншалықты күмәнданатын болды, олардың амалдары қалмағанда Сүннетте негізі жоқ жаңа әдеттерге жүгінетін болды: мысалы, олар Құранды ашып кез-келген жолын, әріптерін оқиды. Егер истихара естеріне түсер болса, өздері істегеннен гөрі, біреуді ол үшін жасауын өтінеді.

Шейх Нуруддин Итр былай жазған: «Бүгінде адамдар егер истихараны ерекше адам орындап, тек ол ғана әлдебір түс көрсе ғана дұрыс орындалды деп санайды. Бұл шектен шыққандық және күмәншілдіктің білінуі, Алла да, Оның Елшісі де (ﷺ) бұлай жасауға бұйырмаған. Мұндай тәсілдеме – қазіргі мұсылмандардың шектелгендіктерінің салдары, бұл оларға лайық емес. Нәтижесінде олар Алла Елшісінің (ﷺ) ұлы Сүннетін орындауын қойған, өздерін оның құндылығы мен сауабынан шет қалдырған, истихараның шынайы мәнін бұзған».

Мауляна Шах Хаким Мухаммад Ахтар «Сүннет» кітабының 49-шы бетінде былай жазады: «Басқа адамды сен үшін истихара жаса деп сұрау рұқсат етілсе де ешбір хадистерде келтірілмеген; басқалармен кеңесу – бұл Сүннет». Іс жүзінде, қазіргі кезде истихара одан да көп әбігердің себебі болып табылады. Истихарадан соң түс көрмеген, не болмаса қандай да бір шешімге келе алмаған адам одан бетер шатасады. Мәселе, кеңінен таралған пікір бар, истихараның қорытындысы ретінде сен не түс көресің, не өз жүрегіңде бір шешімге деген бейімділікті байқайсың. Ал түс көрген адамға, сол түсін жорып берер кісіні іздеуге тура келеді. Егер түс айдан анық болса немесе оның жоруы бір шешімге келтірілсе де, алайда адам жолындағы тосқауылдардан өз мақсатына жете алмайды да шынайы түсінбестікті бастан кешеді. Жоғарыда айтылғанның бәрі – истихараны дұрыс түсінбеудің салдары.

Истихараны дұрыс түсіну

Мауляна Бадр-е-ʼалям Миртхи (оған Алланың рақымы болсын), Дабхелдегі (Үндістан) жаңарған әл-улюмының бұрынғы әл-хадис шейхы истихараны дұрыс түсіну ескертуінде ғалым Ануар Шах Кашмири (оған Алланың рақымы болсын) жазған танымал түсініктемеге былай жазған: «…Басқаша айтсақ, адамдар жиі оқымыстылардың сөздерін дұрыс түсінбейді, истихара туралы хадистерде уәде бар деп шешіп, истихараны орындаған адамның жүрегі әлдебір шешімге бейімделеді,

бірақ та истихараны орындаған адам жиі өз жүрегінен ештеме де таппайды. Ендеше хадистер нені білдіреді? Бұл түсініксіз, мен де лайықты түсіндірме таба алмадым...»

Мауляна былай жалғастырады: «… ұлы муфассир және мұхаддис Шаббир Ахмед Усманидің айналасына жиналған шәкірттеріне мұхиттай білім беріп жатқанын көрдім. Әр жұма сайын жұма намазынан кейін осылай болатын. Бір күні ол бұл тақырыпты егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Сол кезде мен шөлімді қандырып, дертімнің емі тауылып, жүрегім жазылды».

Истихара туралы хадисте жүректегі бейімділік немесе жүрек қанағаттанушылығы жөнінде ештеме айтылмағандығын түсіндіріп берді. Егер сөз осы жөнінде болса, онда Алла Елшісі (ﷺ) бізді Алла Тағаладан жүрегімізді лайық шешімге бұруға дұға жасауға үйретер еді. Бірақ хадисте бұл жөнінд ештеме жоқ.

Хадисте Алла адамды зияннан қорғап, қандай да болмасын игілікті болжауға тек қана өтініш айтылады. «Мені одан ары қылшы» дұғасы - адамның жүрегі оны қатты қалаған жағдайға қатысты (истихара жасалатын істі адам қатты орындағысы келсе, онда Алла оның жүрегін бұдан ары қылып, бұл тілек пен бейімділікті жүрегінен алып тастасын). Ал «мұны менен ары қылшы» дұғасы жүректе ондай қатты қалаудың болмаған жағдайына қатысты, онда Алла оны болдырмасын.

Осылайша, «қорғаныш» та, «жазмыш» та Алла Тағаламен іске асады, өйткені бәрі де Жалғыз Оның қалауымен болады. Алланың құлы жөнінде айтар болсақ, онда оған дұға жасап, одан кейін ол үшін жақсы болатын өз таңдауын жасау керек. Бұл оған тек жақсы шешімге таупиық берілетінін және тек жақсы шешім ғана оған жеңіл болатынын білдіреді. Осылайша, истихара – адамға жақсыны анықтауға көмектесетін амал болып табылады.

Негізіне келер болсақ, мустахир (истихараны орындайтын адам) өзін Алла Тағалаға сеніп тапсырған соң, өз амалын Оған береді, Одан көмек сұрайды, Оның таңдауына разы, Одан зұлымдық пен зияннан қорғап, игілік беруін сұрайды, Алла Тағала оны қабыл алып, оған игілік жазады, залалдан сақтап, оны қамқорына алады. Осыдан кейін, адам қандай да таңдау жасамасын, оның игілігіне болады, тіпті адамның жүрегі оны қаламаса да».

Мурада Забиди (оған Алланың рақымы болсын) «Ихья улюм ад-дин» түсініктемесіне былай жазады: «Аш-шейх әл-Акбар айтқан: «Сәлемнен кейін ол берілген дұғаны оқуы керек. Әр маңызды істің алдында осылай жасау қажет. Одан кейін ғана ол іске кірісу керек. Егер ол істен адамға қайыр болатын болса, Алла оның орындалуын жеңілдеттіреді, іс жүзеге асады, қорытындысы күш жігерге сай болады. Егер адамның ойлағаны жүзеге аспай, ол өз мақсатына жете алмаса, онда Алланың оған деген таңдауы осы екенін түсініп, наразылық білдірмеу керек, өйткені нәтижесінде, ойға алған істің жүзеге асқан, аспағанына қарамастан қорытындысы жақсы болады».

Мухаддис Фадлюллах Хайдрабади (оған Алланың рақымы болсын) имам Бұхаридің (оған Алланың рақымы болсын ) «Әл-Әдеп әл-Муфрад» түсініктемесіне былай жазған: «Адам истихараның 2 рәкағатын орындаған соң, санасына не келсе соны жасауы керек, жүрегінің қалауы осы болса да, болмаса да».

Шейх Хайдрабади жүректің қанағаттануы жөнінде былай айтқан: «Бұл Алланың Рақымымен болды, қажет деп саналмайды әрі әрқашан іске аса бермейді.

Истихара намазы қажет (мустахабб), тіпті адам шешім қабылдап қойса да, өйткені айтылып өткендей, истихара намазы – бұл ғайыпты білу амалы емес, тек жасынды Білетінге және барлық биліктің Иесінен жақсысын берсін деп бой ұсына сұрау ғана».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: