Өзінің қателік, кемшілік, күнәларын көрмей, біреудің кемшіліктерін көре қалу да рухани дерт. Мұндай дерттен арылу үшін адам өзінің нәпсісін жақсы білуі және оның құратын тұзақтарын тез арада анықтай білуі керек. Сондай-ақ, мүмін оңашада қалып өзін тәрбиелегені жөн немесе тақуа адамдардың арасында көбірек болуға тырысып, олардың айтқан ақыл-кеңестеріне құлақ салу керек.
Егер адам өзінің кемшіліктерін түзетуге күш-жігерін салғысы келмесе, онда өзгелердің қателіктерін тіміскілеуді қойғаны абзал. Тіпті біреудің шалыс басқан қадамын көріп тұрсаңыз да оны сөге жөнелмей, оны ақтап алуға тырысыңыз да көрген-білгеніңізді біреулерге жеткізуге асықпаңыз да айтпаңыз. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Алла Тағала мұсылман бауырының күнәсы мен кемшіліктерін жасырған жанның күнәсы мен кемшіліктерін жасырады». Ал енді бір хадисте Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Егер кімде-кім мұсылманның кемшіліктерін тіміскілейтін болса, онда Алла Тағала оның кемшіліктерін елдің алдында ашады әрі ол тіпті үйінде болса да оның масқарасын шығарады». Мұхаммад ибн Абдулла ибн Шазан Ибн Яздан әл-Мадаинидің былай айтқанын келтірген: «Мен кемшіліктері де, қателіктері де бар адамдарды көрдім, алайда олар басқа адамдардың кемшіліктері жайында айтпайтын, сол себепті Алла Тағала олардың күнәларын кешіріп, қателіктерін жасырған. Сондай-ақ, мен кемшіліксіз адамдарды көрдім, бірақ олар өзге адамдардың қателіктері
жайында айтатын, сол себепті күнә жасайтын».
asyldin.kz