Жамбыл ауданы Қызылдихан ауылдық кітапханасында «Махат ата» мешітінің имамы Ескендір Чалиев жастарға «Дін және дәстүр» жайында кеңінен насихат жұмыстарын жүргізді.
Мектеп оқушылары ауыл имамын мұқият тыңдап болған соң, өз сұрақтарын қойып, мардымды жауап алды.
"Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы өте зор. Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Мәселен, еліміздің ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі ғасырлар бойы халқымыздың бойындағы, батырлық пен ерлік дәстүрін тудырған. Қазақ – ұлттық дәстүрге ерекше мән беретін халық.Дәстүр – ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар. Дін мен дәстүр – қашанда бір-бірімен сабақтас ұғым" - дейді имам.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



08 Қараша 2025
17 Джумада-авваль 1447

