Салихалы әкенің баласына пайдасы

Салихалы әкенің баласына пайдасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

الولد الصالح ينفع اباه،
وعمل الوالد ينفع ولده..

Салих ұл әкеге пайда береді, ал салихалы әкенің амалы перзенттеріне пайда береді.

Неге дейсіз бе? Алла құранда "Кәһф" сүресінде екі жетім бала туралы айтқанда: "ол екі жетім баланың әкесі салихалы еді" - деуінің хикмет сыры мына нәрседе екен.

Сол екі жетім баланың әкесі салихалы кісі болды, балаларым қажетіне жаратсын деп дуал қабырғаның астына алтын-күміс көміп кеткен болатын, сол байлық ашылып қалып халықтың алып қоюынан сақтап қоюға Алла қарапайым адамды емес, Мұса пайғамбар мен Қызыр уәлиді жібереді. Сол жерде құлағалы тұрған қабырғаны бұзып қайтадан тұрғызады, сонда Мұса Қызырдан сұрайды: "Бұл дуалды не үшін жаңарттық?".

Сонда Қызыр айтады: "Оның сыры бұл дуалдың астында екі жетім баланың әкесі есейгенде алады деп тастап кеткен байлық бар. Ол екі жетім бала әлі кішкентай, егер дуал бүгін-ертең құласа, сол байлықты көрген халық талан-таранжға салғалы тұр. Жетім балалардың әкесінің салихалығы себепті Алла маған осы істі бұйырды деген екен.

Ал бұл қасиетті аяттан нені түсінеміз?

1. Әкенің салихалығы, тақуалығы, перзентке ризық әкелуіне себепші болады екен.

2. Әке салихалығы себепті бала Алланың назарында бақылауында болады екен.

3. Ұл балаға анадан гөрі әкенің тәрбиесі маңызды екенін көрсетіп тұр.

4. Үйді құлшылыққа бұйырып, дінге тәрбие беретін міндетті болған іс- әкеге екенін ишара етіп тұр.

5. Атам Қазақтың "жақсы әке балаға қырық жыл азық" - дегені осы қасиетті аяттан шықса керек!

6. Әке салихалы болса, перзенттіңде пайдасы әкеге тиеді яғни дұға жасауы.

7. Жоғарыдағы сөзде иманды ұл әкесіне пайда береді дегенінің мысалы: Ибраһим пайғамбардың ұлы Исмайл әкесіне Алла мені өз жолына құрбан қыл десе, не үшін тосыласың деп әкенің тақуалығына жәрдем беруі, әкесі Ибраһимге ең қымбат болған жанын Алла жолына пида етіп, иманына жәрдем беруі.

8. Баладан әкені айыру яғни ажырасудың зияны ұрпаққа әсері қатты екен. Бұрын аталарымыз айтатын Әкенің шешенің жамандығы балаға өтеді деп.

Сондықтан құрметті Әкелер қауымы ұрпағымызға азық болғымыз келсе, өзіміздің салих болуымызға әрекет жасауымыз керек екен!

Я раббым әкелеріміздің күнәларын кешір, әкелеріміздің жатқан қабірлерін жәннәт бақшасын етегөр!

Нұралы БАҚЫТҰЛЫ

"Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: