Мәскеу шаһарының әр ауданында кем дегенде бір мешіттен салынуы тиіс. Ресей елінің муфтилер кеңесінде осындай ой ортаға салынды. Осылайша, олар Мәскеудегі құлшылық ордаларының санын 10-нан асырмақшы.
Ресей муфтилері кеңесінің баспасөз қызметшісі Гүлнұр Газиева атап көрсеткендей, Мәскеуде мұсылмандар үшін құлшылық ордалары аздық етеді.
«Қарқынды түрде өсіп келе жатқан мұсылмандар саны қазіргі кезде Мәскеудегі мешіттердің көптеп салынуын талап етеді. Дегенмен, біз Мәскеудің әр ауданында бір мешіттен болғанын ғана сұрап отырмыз. Сонда біз көшедегі қозғалысты тоқтатудан да тыйылар едік», – дейді ол.
Қазіргі таңда Мәскеу шаһарында 2 миллионнан астам мұсылман өмір сүреді. Ал, осыншама жамағатқа бар болғаны тек төрт құлшылық ордасы қызмет атқарады. Сыйымдылығы жайлы тіпті сөз қозғауға келмейтін бұл мешіттерде жұма күні намаз оқу бақыты мұсылман жамағатының тек аз ғана бөлігіне бұйырады. Ал, қалғандары ауа-райының қандай да бір күйіне қарамастан көше ортасында жайнамаз төсеп, құлшылығын өтеп жатады.
muslim.kz