Түрік премьері еврей наградасынан бас тартты

Түрік премьері еврей наградасынан бас тартты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түрік үкіметінің басшысы Реджеп Тайып Эрдоған 2004 жылы Америка Еврей Конгресі атынан берілген медальды қайтарып беретін болды. Оның бұл қадамы соңғы уақыттары шиеленісіп кеткен түрік-еврей қатынасына қатысты болса керек.

Шетелдік ақпарат көздерінің жазуынша,  Түрік еліндегі еврей ұлтын қолдағаны және әлемдік лаңкестікке қарсы күресте табандылық танытқаны үшін осыдан 10 жыл уақыт бұрын Тайып Эрдоған «Ерлігі үшін» медалімен марпатталған екен. Алайда, соңғы кездері орын алған оқиғаларға байланысты, атап айтсақ, Газа секторына жасалған шабуылға қатысты түрік премьері жасаған мәлімдемеден соң Америка Еврей Конгресі медальді қайта қайтаруды талап етіп отыр.

Өз кезегінде Эрдоған ресми түрде медальді қуана-қуана қайтаратынын жеткізді.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: