Мұхаммед пайғамбардың көзі тірісінде салынған мешіт жақын арада Үндістанда ашылады. Мұсылман ғибадатханасы - Үнді субконтинентіндегі ең көнесі.
Тарихи деректер бойынша мешіт 629 жылы салынған. Бірнеше жыл бұрын жергілікті билеуші Чераман Перумал Сауд Арабиясына барды, онда Мұхаммед пайғамбармен жеке кездесіп, ислам дінін қабылдады. Өз еліне қайтып келе жатқан жолда монарх қайтыс болды, бірақ онымен бірге жүрген парсы ғалымы серігі Мәлік ибн Динар Перумал патшалығында мешіт салуға шешім қабылдады. Бұл қазір Керала штатындағы Триссур ауданы.
Ғасырлар бойы ғимарат қирап, қайта тұрғызылды, бірақ соңғы жылдары мемлекет қайта құру процесін жеке бақылауына алды. Сол кездегі мешіттердің архитектурасына тән қарапайым келбетті мамандар күрделі жөндеуден өткізді, сонымен қатар мешіт ішіне ислам мұражайы салынды.
asyldin.kz