"Отбасы апталығына" орай Қордай ауданы Сортөбе ауылы Имамдар үйінде ауыл имамдарына арналған семинар өтті. Шараға Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен дін мамандары қатысты.
Шарада "ихсан ілімі" жайлы насихат айтылып, Ихсан кітабының тұсау кесері өтті. Сондай-ақ ауыл имамдарына бір-бір данадан сыйға тартылды.
"Рухани тәрбие - исхан ілімі" тақырыбында өткен шарада мамандар баяндама жасап, тақырыпты тереңірек ашты.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі